KZ

АВТОКӨЛІК ҰТЫС ОЙЫНЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

1. Ұтыс ойынының ұйымдастырушысы

1.1. Ұтыс ойынының ұйымдастырушысы болып «Capvia» (Капвиа) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 170340018829, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 17/1 үй, «Нұрлы Тау» БО, 5Б-блогы, 12-қабат, 18-кеңсе (ары қарай мәтін бойынша – «Ұйымдастырушы») табылады.

Ұйымдастырушының байланыс мәліметтері:

  • tengo.kz веб-сайты;
  • Қолдау қызметі (дүйсенбі-сенбі күндері сағат 9.00 мен 20.00 аралығы): +7727 36 46 000;
  • Instagram: instagram.com/tengo.kz;
  • Facebook: facebook.com/tengo.kz.

1.3. Ұтыс ойынын өткізу лотерея немесе тәуекелге негізделген кез-келген басқа ойын болып табылмайды, қатысу үшін төлем жүргізуді талап етпейді және пайда немесе басқа да табыс табуды қудаламайды.

 

2. Ұтыс ойынын өткізу мерзімдері

2.1. Ұтыс ойынын өткізу мерзімі – 2018 жылғы 1 қазаны мен 28 желтоқсаны (қоса) аралығында.

2.2. Ұтыс ойынын өткізу уақыты: 2018 жылғы 29-желтоқсан.

Ұйымдастырушының қарауы бойынша Ұтыс ойынынын өткізу кезеңі мен қорытындыларды жариялау күні ауыстырылуы мүмкін, бірақ 5 (бес) күнтізбелік күннен аспайды.

 

3. Ұтыс ойынын өткізу аумағы

3.1. Ұтыс ойынын Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.

 

4. Ұтыс ойынының жүлде қоры:

4.1. Ұтыс ойыны бойынша жүлде қоры 2.0 л бензинді, стандарттық жинақтылық, түсі – ақ Toyota Camry 70 маркасының бір автокөлігінен тұрады.

4.2. Ұтыс ойынында бір ғана жеңімпаз қарастырылған.

4.3. Автокөліктің түсі мен техникалық сипаттары жарнамадағы суреттен ерекшеленуі мүмкін.

 

5. Ұтыс ойынын өткізудің жалпы шарттары

5.1. Ұтыс ойынына 21 жасқа толған, тұрақты түрде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын, Ұйымдастырушының қызметкерлерінен, олардың отбасы мүшелері мен үлестес компаниялар мен жеткізушілердің қызметкерлерінен басқа, Қазақстан Республикасының әрекет етуге бейімді тұлғалары қатыса алады.

5.2. Ұтыс ойынына қатысу үшін Ұйымдастырушының қызметін пайдалану және Ұтыс ойынын өткізу кезеңінде www.tengo.kz сайтында 15 000 теңге және одан асатын сомаға қарыз алу керек.

5.3. Ұтыс ойынына Ұтыс ойынын кезеңінде қарызының мерзімі өткен тұлғалар қатыспайды.

5.4. Ұтыс ойынына Ұтыс ойынының қорытындысын жасау сәтінде қарызы өтелген болып табылатын тұлғалар қатысады.

Ескерту: Ұтыс ойынының қатысушысының Ұтыс ойынын ұту үшін өз мүмкіндіктерін асыру үшін әртүрлі сомаға бірнеше қарыз алуға және Ұтыс ойынын өткізудің көрсетілген кезеңінде өтеуге құқығы бар.

 

6. Қатысушының құқықтары

Қатысушы:

6.1. Осы Ережелерде белгіленген Ұтыс ойынының шарттарымен танысуға;

6.2. Ұтыс ойынына қатысуға;

6.3. Осы Ережелердің 4 және 10 бөлімдерінде белгіленген тәртіпте жүлде беруді талап етуге;

6.4. Ұтыс ойынының қатысушы-жеңіспазы өзіне тиесілі жүлдені осы Ережелердің 10-бөлімінде белгіленген мерзім мен тәртіпте алуға құқылы.

 

7. Қатысушының міндеттері

7.1. Жеңімпаз болған қатысушылар Ұйымдастырушыға аты-жөнін, банктік шотының нөмірін, сонымен қатар жүлдені алуға қажетті басқа да мәліметтерді ұсынуға міндеттеледі. Қатысушы ұтқан жағдайда жүлдені алуға қажетті деп санайтын басқа мәліметтерді өз қалауы бойынша ұсына алады.

7.2. Ұтыс ойынына қатыса отырып, қатысушы Ұйымдастырушыға Ұтыс ойынына қатысу кезінде Қазақстан Республикасының дербес мәліметтер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес ұсынған өзінің дербес мәліметтерін, оның ішінде: аты-жөні, пошталық мекен-жайы, жасы, телефон нөмірі, байланыс электрондық мекен-жайы, сонымен қатар банктік шотының дәйектемелерін өңдеуге Ұйымдастырушыға келісімін береді. Дербес мәліметтерді өңдеу жинау, жазу, жүйелендіру, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), шығарып алу, пайдалану беру (тарату, ұсыну, қолжетімділік), агенттік шарттардың және Ұйымдастырушымен жасалған басқа шарттардың негізінде әрекет ететін үшінші тұлғаларға (оның ішінде заңды тұлғаларға) берумен бірге, қоса дербес мәліметтермен автоматтандырудың құралдарын пайдалана отырып немесе ондай құралдарды пайдаланусыз кез-келген әрекетті (операцияны) немесе әрекеттердің (операциялардың) жиынтығынан тұрады.

 

8. Ұйымдастырушының құқықтары

Ұйымдастырушы:

8.1. егер осы Ережелердің 7-бөлімінде қарастырылған жалған немесе толық емес мәліметтерді ұсынған жағдайда, қатысушының Ұтыс ойынына қатысуын қабылдамауға;

8.2. егер қатысушылар ұту үшін жосықсыз әдістерді қолданған болса, онда Ұйымдастырушы пайдаланушыларды қатысудан алыстатуға құқылы.

8.3. Ұйымдастырушы кез-келген уақытта Ұтыс ойынын тоқтату немесе ұзарту, жүлденің көлемі мен құрамын өзгерту, және осы Шарттарды өзі дұрыс деп тапқандай өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Ұйымдастырушы әлеуметтік желілерде тиісті жариялау көмегі арқылы қатысушыларға тиісті өзгертулерді уақытылы жеткізеді.

8.4. Ұйымдастырушы Жеңімпаздың атын өзінің барлық маркетингтік материалдарында, www.tengo.kz сайтында және басқа ақпарат көздерінде пйдалану құқығын өзіне қалдырады.

 

9. Ұйымдастырушының міндеттері

Ұйымдастырушы:

9.1. Ұтыс ойынын осы Ережелермен белгіленген тәртіпте өткізуге;

9.2. Ұтыс ойынының жеңімпазы болып табылған қатысушыға жүлде беруге міндеттеледі.

 

10. Ұтыс ойынының қорытындысын жасау және жүлде алу тәртібі

10.1. Жеңімпазды таңдау Ұйымдастыруышының әлеуметтік желілерінде тікелей көрсетілім жолымен жүргізіледі. Мүддесі жоқ тұлға лототроннан жеңімпаздың атын шығарады.

10.2. Негізгі жеңімпазды анықтағаннан кейін Ұйымдастырушы 3 резервтік жеңімпазды қосымша таңдайды, олар алдыңғы жеңімпаз қандай да бір себептермен жүлдені ала алмайтын немесе өз еркімен жүлдеден бас тартқан жағдайда жүлдені кезек тәртібі бойынша ала алады.

10.3. Егер тыс ойынының әрбір кезеңі аяқталғаннан және жеңімпаз жарияланғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушыға тәуелсіз кез-келген себептер бойынша жеңімпазбен байланысу мүмкін емес болса, онда жеңімпаз осы жүлдені алу құқығынан айырылады. Ұйымдастырушы жүлдені резервтегі жеңімпазға беруге құқылы.

10.4. Ұйымдастырушы жеңімпазбен ол www.tengo.kz сайтында қарыз рәсімдеу кезінде көрсеткен телефон бойынша байланысады.

10.5. Жеңімпаз туралы ақпарат осы Ережелердің 1.2-тармағында көрсетілген Ұйымдастырушының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

10.6. Ұтыс ойынының жеңімпазына жүлдені (автокөлікті) табыстауды Ұйымдастырушы Ұйымдастырушыдан ұтқаны туралы хабар алынғаннан және қатысушы жүлдені рәсімдеуге қажетті және жеткілікті құжаттардың толық пакетін ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Автокөлікті алу бөлігінде өздігінен алып кету ережесі әрекет етеді. Автокөлікті тасымалдау, рәсімдеу, тіркеу мен пайдалануға беруге қатысты барлық шығындарды Ұтыс ойынының қатысушысы өзіне алады. Жеңімпаз алыстатылған өңірлерде (Алматы қаласынан тыс) тұрған жағдайда, жеңімпаз жүлдені алу үшін Ұйымдастырушының кеңсесіне келуге міндетті.

10.7. Жүлдені алған кезде қатысушы тұлғалығын куәландыратын құжатты ұсынуы керек.

10.8. Жеңімпаз өзінің жүлдені алудан бас тартатындығын жариялауға құқылы. Бұл жағдайда жүлденің ақшалық эквиваленті берілмейді, және басқа жүлдеге ауыстыру жүргізілмейді. Жеңімпаздың жүлдені алу құқығын үшінші тұлғаларға беру және Ұйымдастырушыдан осы Ережелерде көрсетілгеннің орнына жүлденің басқа эквивалентін алуды талап ету мүмкіндігі жоқ.

10.9. Жүлдеге меншік құқығы оны алған кезде жеңімпазға ауысады. Осы сәттен бастап Ұйымдастырушы жүлдені жоғалтуға, оны иеленуге және пайдалануға беруге қатысты тәуекелге жауапкершілікте болмайды.

Автокөліктің сапасына қатысты шағымдарды Ұйымдастырушы қарастырмайды.

10.10. Жүлде жеңіп алушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған барлық салықтар мен жинақтарды төлеуге міндетті және олар үшін өзігінен жауапкершілікте болады.

 

11. Ұйымдастырушы:

11.1. қатысушылардың осы Ережелермен қарастырылған міндеттерін орындамағаны (уақытылы орындамағаны) үшін;

11.2. қатысушының Ұтыс ойынының ережелерін білмеуінен арандатылған жағдайлар үшін;

11.3. техникалық мәселеге және (немесе) Ғаламтор желісіндегі және (немесе) Ұтыс ойынын жүргізген кезде пайдаланатын байланыс арналарындағы алаяқтылық нәтижесінде қатысушылардан хаттар, қоңырау, факсимильдік және (немесе) электрондық хабарламалар алмағанына байланысты ұйымдастыру үшін;

11.4. қатысушылардан Ұтыс ойынын жүргізу және жүлдені беру кезінде қажет болатын толық емес және (немесе) дұрыс емес байланыс және (немесе) басқа мәліметтерді алғаны үшін жауапкершілікте болмайды.

 

12. Басқа шарттар

12.1. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде қатысушының осы Ережелермен танысуы мен келісуін білдіреді.

12.2. Ұтыс ойынының қатысушы болып, тұлға егер ол Ұтыс ойынының жеңімпазы болған жағдайда Ұйымдастырушының жеңімпаз туралы аты-жөні, фотосуреті, тұратын қаласы сияқты ондай ақпаратты жариялап,  ол туралы кез-келген формада көпшілікке хабарлауға құқылы екендігімен келіседі және ондай қатысушыға қандай да бір сыйақы төлеусіз Ұйымдастырушыны сондай көпшілік жариялау мен ақпаратты ашуға уәкілетті етеді.

12.3. Осы Ережелермен қарастырылмағанның барлығы бойынша Ұйымдастырушы мен қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.