KZ

ҰТЫС ОЙЫНЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

5 000 000 теңге

 

1. Ұтыс ойынының ұйымдастырушысы

1.1 Ұтыс ойынының ұйымдастырушысы  болып «Capvia» (Капвиа) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 170340018829, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 17/1 үй, «Нұрлы Тау» БО, 5Б-блогы, 12-қабат, 18-кеңсе (ары қарай мәтін бойынша – «Ұйымдастырушы») табылады.

Ұйымдастырушының байланыс мәліметтері:

  • tengo.kz веб-сайты;
  • Қолдау қызметі (дүйсенбі-сенбі күндері сағат 9.00 мен 20.00 аралығы): +7727 36 46 000
  • Instagram: instagram.com/tengo.kz
  • Facebook:com/tengo.kz

 

2. Ұтыс ойынын өткізу мерзімдері

2.1 Ұтыс ойынын өткізу мерзімі – 2018 жылғы 08 қазаны мен 23 желтоқсаны (қоса) аралығында.

2.2. Ұтыс ойынын өткізу күндері:

Ұтыс ойынының №

Ұтыс ойынының жаңа қатысушыларын тіркеуді бастау күні (00:01 Астана уақыты бойынша)

Ұтыс ойынының жаңа қатысушыларын қабылдауды тоқтату күні (23:59 Астана уақыты бойынша)

Қорытындысын шығару мен жеңімпазды жариялау күні

1

8.10.2018

14.10.2018

15.10.2018

2

15.10.2018

21.10.2018

22.10.2018

3

22.10.2018

28.10.2018

29.10.2018

4

29.10.2018

4.11.2018

5.11.2018

5

5.11.2018

11.11.2018

12.11.2018

6

12.11.2018

18.11.2018

19.11.2018

7

19.11.2018

25.11.2018

26.11.2018

8

26.11.2018

2.12.2018

3.12.2018

9

3.12.2018

9.12.2018

10.12.2018

10

10.12.2018

16.12.2018

17.12.2018

11

17.12.2018

23.12.2018

24.12.2018

 

Ұйымдастырушының қарауы бойынша Ұтыс ойынынын өткізу кезеңі мен қорытындыларды жариялау күні ауыстырылуы мүмкін, бірақ 5 (бес) күнтізбелік күннен аспайды.

 

3. Ұтыс ойынын өткізу аумағы

3.1 Ұтыс ойынын Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.

 

4. Ұтыс ойынының жүлде қоры:

4.1. Әрбір Ұтыс ойыны бойынша жүлде қоры 500 000 (бес жүз мың) теңгені құрайды, ол Ұтыс ойынының әрбір кезеңінде 6 (алты) жеңімпаз арасында келесі жолмен бөлінеді:

1-орын: 250 000 (екі жүз елу мың) теңге;

2-6 орын: 50 000 (елу мың) теңге.

4.2. Ұтыс ойынының әрбір кезеңі бойынша алты жеңімпаз болады. Ұтыс ойынының әрбір кезеңінің жеңімпаздары қайталанбайды. Ұтыс ойынының барлық 11 (он бір) кезеңінде 66 (алпыс) жеңімпаз анықталады.

4.3. Ұтыс ойынының 11 (он бір) кезеңдегі жалпы жүлде қоры 5 500 000 (бес миллион) теңгені құрайды.

 

5. Ұтыс ойынын өткізудің жалпы шарттары

5.1. Ұтыс ойынына 21 жасқа толған, тұрақты түрде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын, Ұйымдастырушының қызметкерлерінен, олардың отбасы мүшелері мен үлестес компаниялар мен жеткізушілердің қызметкерлерінен басқа, Қазақстан Республикасының әрекет етуге бейімді тұлғалары қатыса алады.

5.2. Ұтыс ойынына қатысу үшін Ұйымдастырушының қызметін пайдалану және Ұтыс ойынын өткізу кезеңінде www.tengo.kz сайтында 15 000 теңге және одан асатын сомаға қарыз алу керек.

5.3. Ұтыс ойынының бір кезеңі аясында бір бірегей қатысушы белгіленеді. Ұтыс ойынының нәтижесіне Ұтыс ойыны кезеңіндегі алынған және өтелген қарыздардың саны әсер етпейді.

5.4. Ұтыс ойынына Ұтыс ойынын кезеңінде қарызының мерзімі өткен тұлғалар қатыспайды.

5.5. Ұтыс ойынына Ұтыс ойынының қорытындысын жасау сәтінде қарызы белсенді, немесе ұзартылған (қарыз Ұтыс ойыны кезіндегі бір кезеңде алынған жағдайда) болып табылатын тұлғалар қатысады.

 

6. Қатысушының құқықтары.

Қатысушының:

6.1. Осы Ережелерде белгіленген Ұтыс ойынының шарттарымен танысуға;

6.2. Ұтыс ойынына қатысуға;

6.3. Осы Ережелердің 4 және 10 бөлімдерінде белгіленген тәртіпте жүлде беруді талап етуге;

6.4. Ұтыс ойынының қатысушы-жеңіспазы өзіне тиесілі жүлдені осы Ережелердің 10-бөлімінде белгіленген мерзім мен тәртіпте алуға құқылы.

 

7. Қатысушының міндеттері.

7.1. Жеңімпаз болған қатысушылар Ұйымдастырушыға аты-жөнін, банктік шотының нөмірін, сонымен қатар жүлдені алуға қажетті басқа да мәліметтерді ұсынуға міндеттеледі. Қатысушы ұтқан жағдайда жүлдені алуға қажетті деп санайтын басқа мәліметтерді өз қалауы бойынша ұсына алады.

7.2. Ұтыс ойынына қатыса отырып, қатысушы Ұйымдастырушыға Ұтыс ойынына қатысу кезінде Қазақстан Республикасының дербес мәліметтер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес ұсынған өзінің дербес мәліметтерін, оның ішінде: аты-жөні, пошталық мекен-жайы, жасы, телефон нөмірі, байланыс электрондық мекен-жайы, сонымен қатар банктік шотының дәйектемелерін өңдеуге Ұйымдастырушыға келісімін береді. Дербес мәліметтерді өңдеу жинау, жазу, жүйелендіру, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), шығарып алу, пайдалану беру (тарату, ұсыну, қолжетімділік), агенттік шарттардың және Ұйымдастырушымен жасалған басқа шарттардың негізінде әрекет ететін үшінші тұлғаларға (оның ішінде заңды тұлғаларға) берумен бірге, қоса дербес мәліметтермен автоматтандырудың құралдарын пайдалана отырып немесе ондай құралдарды пайдаланусыз кез-келген әрекетті (операцияны) немесе әрекеттердің (операциялардың) жиынтығынан тұрады.

 

8. Ұйымдастырушының құқықтары

Ұйымдастырушының:

8.1. егер осы Ережелердің 7-бөлімінде қарастырылған жалған немесе толық емес мәліметтерді ұсынған жағдайда, қатысушының Ұтыс ойынына қатысуын қабылдамауға;

8.2. егер қатысушылар ұту үшін жосықсыз әдістерді қолданған болса, онда Ұйымдастырушы пайдаланушыларды қатысудан алыстатуға құқығы бар.

8.3. Ұйымдастырушы кез-келген уақытта Ұтыс ойынын тоқтату немесе ұзарту, жүлденің көлемі мен құрамын өзгерту, және осы Шарттарды өзі дұрыс деп тапқандай өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Ұйымдастырушы әлеуметтік желілерде тиісті жариялау көмегі арқылы қатысушыларға тиісті өзгертулерді уақытылы жеткізеді.

8.4 Ұйымдастырушы Жеңімпаздың атын өзінің барлық маркетингтік материалдарында, www.tengo.kz сайтында және басқа ақпарат көздерінде пйдалану құқығын өзіне қалдырады.

 

9. Ұйымдастырушының міндеттері

Ұйымдастырушы:

9.1 Ұтыс ойынын осы Ережелермен белгіленген тәртіпте өткізуге;

9.2 Ұтыс ойынының жеңімпазы болып табылған қатысушыға жүлде беруге міндеттеледі.

 

10. Ұтыс ойынының қорытындысын жасау және жүлде алу тәртібі

10.1 Жеңімпазды таңдау қатысушылардың реттік нөмірлері бойынша кездейсоқ сандардың генераторы – Random.org сервисінің көмегі арқылы жүргізіледі. Жеңімпаздарды таңдау осы Ережелердің 2.2-тармақшасында белгіленген мерзімде Ұтыс ойынының әрбір кезеңі бойынша 6 орыннан бастап, 1 орынмен аяқталып жүзеге асырылады.

10.2 Негізгі жеңімпаздарды анықтағаннан кейін Ұйымдастырушы 3 резервтік жеңімпазды қосымша таңдайды, олар алдыңғы жеңімпаз қандай да бір себептермен жүлдені ала алмайтын болса, жүлделерден өз еркімен бас тартса немесе қатысушы Ұтыс ойынының алдыңғы кезеңдерінің бірінің жеңімпазы болып табылған болса, онда жүлдені кезек тәртібі бойынша ала алады.

10.3 Егер тыс ойынының әрбір кезеңі аяқталғаннан және жеңімпаз жарияланғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушыға тәуелсіз кез-келген себептер бойынша жеңімпазбен байланысу мүмкін емес болса, онда жеңімпаз осы жүлдені алу құқығынан айырылады. Ұйымдастырушы жүлдені резервтегі жеңімпазға беруге құқылы

10.4 Егер сервис арқылы Ұтыс ойынының алдыңғы кезеңдерінің жеңімпазы болып табылатын қатысушы шығатын болса, онда жүлде кезек тәртібі бойынша резервтік жеңімпазға беріледі.

10.5 Ұйымдастырушы қатысушымен www.tengo.kz сайтында қарызды рәсімдеу кезінде көрсетілген телефон бойынша байланысады.

10.6 Ұтыс ойынының әрбір кезеңінің жеңімпазы туралы ақпарат осы Ережелердің 1.2-тармағында көрсетілген Ұйымдастырушының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

10.7 Жүлде сомасы www.tengo.kz сайтында қарызды рәсімдеу кезінде көрсетілген Жеңімпаздың банктік шотына аударылады.

10.8 Жүлделерді беру кезеңі: қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

 

11. Ұйымдастырушы:

11.1. қатысушылардың осы Ережелермен қарастырылған міндеттерін орындамағаны (уақытылы орындамағаны) үшін;

11.2. қатысушының Ұтыс ойынының ережелерін білмеуінен арандатылған жағдайлар үшін;

11.3. техникалық мәселеге және (немесе) Ғаламтор желісіндегі және (немесе) Ұтыс ойынын жүргізген кезде пайдаланатын байланыс арналарындағы алаяқтылық нәтижесінде қатысушылардан хаттар, қоңырау, факсимильдік және (немесе) электрондық хабарламалар алмағанына байланысты ұйымдастыру үшін;

11.4. қатысушылардан Ұтыс ойынын жүргізу және жүлдені беру кезінде қажет болатын толық емес және (немесе) дұрыс емес байланыс және (немесе) басқа мәліметтерді алғаны үшін жауапкершілікте болмайды.

 

12. Басқа шарттар

12.1. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде қатысушының осы Ережелермен танысуы мен келісуін білдіреді.

12.2. Ұтыс ойынының қатысушы болып, тұлға егер ол Ұтыс ойынының жеңімпазы болған жағдайда Ұйымдастырушының жеңімпаз туралы аты-жөні, фотосуреті, тұратын қаласы сияқты ондай ақпаратты жариялап,  ол туралы кез-келген формада көпшілікке хабарлауға құқылы екендігімен келіседі және ондай қатысушыға қандай да бір сыйақы төлеусіз Ұйымдастырушыны сондай көпшілік жариялау мен ақпаратты ашуға уәкілетті етеді.

12.3. Осы Ережелермен қарастырылмағанның барлығы бойынша Ұйымдастырушы мен қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.