KZ

250 000 теңге ұтыс өткізу ережелері

 

1. Ұтысты ұйымдастырушы

1.1. Ұтысты ұйымдастырушы — «Capvia» (Капвиа) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 170340018829, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 17/1 үй, «Нұрлы Тау» БО, 5Б блогы, 12-ші қабат, 18 кеңсе; орналасқан жерінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ, 050051, Достық даңғылы, 210 үй, 2-ші блок, 12-ші қабат (одан әрі мәтін бойынша – «Ұйымдастырушы»).

Ұйымдастырушының байланыс деректері:

  • tengo.kz веб-сайты
  • Қолдау қызметі (Күн сайын 9:00-ден 20:00-ге дейін): +7 778 096 55 55
  • Instagram: instagram.com/tengo.kz
  • Facebook: fb.me/tengo.kz

 

2. Ұтысты өткізу мерзімдері

2.1 Ұтысты өткізу мерзімі — 2019 жылғы 26 сәуір мен 2019 жылғы 26 маусым аралығында. Ұйымдастырушының қалауымен Ұтысты өткізу кезеңі және нәтижелерді хабарлау күні 5 (бес) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде өзгертілуі мүмкін.

2.2 Ұтыс кезеңдерін өткізу күндері:

 

Кезең №

Ұтыстың жаңа қатысушыларын қабылдауды бастау күні

(Астана уақытымен 00:01)

Ұтысқа жаңа қатысушыларды қабылдауды тоқтату күні

(Астана уақытымен 23:59)

Қорытынды жасау және жеңімпаздарды хабарлау күні

Жүлделік қор

1

26.04.2019

02.05.2019

03.05.2019

250 000 теңге

2

03.05.2019

16.05.2019

17.05.2019

500 000 теңге

3

17.05.2019

23.05.2019

24.05.2019

250 000 теңге

4

24.05.2019

30.05.2019

31.05.2019

250 000 теңге

5

31.05.2019

06.06.2019

07.06.2019

250 000 теңге

6

07.06.2019

13.06.2019

14.06.2019

250 000 теңге

7

14.06.2019

20.06.2019

21.06.2019

250 000 теңге

8

21.06.2019

27.06.2019

28.06.2019

250 000 теңге

 

3. Ұтыс өткізу аумағы

3.1.Ұтыс Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.

 

4. Ұтыстың жүлделік қоры

4.1. Жалпы жүлделік қор 2 250 000 (екі миллион екі жүз елу мың) теңгені құрайды, бұл сома 50 000 (елу мың) теңгеден 45 (қырық бес) жеңімпаз арасында бөлінетін болады.

4.2. Ұтыстың әрбір кезеңі бойынша 5 (бес) жеңімпаз. Ұтыстың әр кезеңінің жеңімпаздары қайталанбайды. Ұтыстың 8 (сегіз) кезеңінде 45 (қырық бес) жеңімпаз анықталады.

 

5. Ұтыс өткізудің жалпы шарттары

5.1. Ұйымдастырушының қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және аффилирленген компаниялар мен жеткізушілердің қызметкерлерін қоспағанда, ұтысқа 21 жасқа толған, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматтары қатыса алады.

5.2. Ұтысқа қатысу үшін Ұтыс кезеңдерінің бірі кезінде Ұйымдастырушының қызметін пайдалану және 15 000 теңге және одан көп сомада www.tengo.kz сайтында қарыз алу қажет.

5.3. Ұтыстың бір кезеңі шеңберінде бір бірегей қатысушы бекітіледі. Ұтыс нәтижелеріне Ұтыс кезеңінде алынған және өтелген қарыздар саны әсер етпейді.

5.4. Ұтысқа Ұтыс өткізу кезінде мерзімі өткен қарыздары бар тұлғалар қатыспайды.

5.5 Ұтысқа Ұтыс қорытындысын жасау кезінде қарызы белсенді немесе ұзартылған (егер қарыз Ұтыстың бір кезеңі кезінде алынған болса) болып табылған тұлғалар қатысады.

 

6. Қатысушының құқықтары

Қатысушы құқылы:

6.1. Осы Ережелерде анықталған Ұтыс шарттарымен танысуға.

6.2. Ұтысқа қатысуға.

6.3. Осы Ережелердің 4 және 10 тарауларында белгіленген тәртіпте жүлденің берілуін талап етуге.

6.4. Ұтысқа қатысушы-жеңімпаз осы Ережелердің 10 тарауында белгіленген мерзімде және тәртіпте тиесілі жүлдені алуға құқылы.

 

7. Қатысушының міндеттері

7.1. Жеңімпаз атанған қатысушылар Ұйымдастырушыға ТАӘ, банк шотының нөмірін, сондай-ақ жүлде алуға қажетті басқа деректерді хабарлауға міндеттенеді. Қатысушы өз қалауымен ұтыс жағдайында өзі жүлде алуға қажет деп санайтын басқа мәліметтерді ұсына алады.

7.2. Ұтысқа қатысу арқылы қатысушы Ұйымдастырушыға Дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз дербес деректерін, оның ішінде: ТАӘ, пошталық мекенжайы, аты-жөні, жасы, телефон нөмірі, электрондық байланыс мекенжайы, сондай-ақ банк шотының реквизиттері туралы деректерді өңдеуге келісім береді. Дербес деректерді өңдеу жинау, жазып алу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беруді (тарату, ұсыну, қол жеткізу) қоса алғанда, сондай-ақ Ұйымдастырушымен жасалған агенттік шарттар немесе басқа шарттар негізінде әрекет ететін үшінші тұлғаларға беруді қоса алғанда, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай-ақ кез келген әрекетті (операцияны) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығын жасаудан құралады.

 

8. Ұйымдастырушының құқықтары

Ұйымдастырушы:

8.1. Егер осы Ережелердің 7 тарауында көзделгендей, жалған немесе толық емес деректер ұсынылған болса, қатысушының Ұтысқа қатысуын немесе жүлдені алуын болдырмауға құқылы.

8.2. Егер қатысушылар жеңіске жету үшін әділетсіз әдістерді пайдаланатын болса, Ұйымдастырушы өз қалауымен пайдаланушыларды қатысудан шеттету құқығы иеленеді.

8.3. Ұйымдастырушы кез келген уақытта Ұтысты болдырмау немесе ұзарту, жүлденің мөлшері мен құрамын өзгерту, сондай-ақ осы Шарттарды өзіне қажетінше өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Ұйымдастырушы әлеуметтік желілерде тиісті жарияланым арқылы қатысушылардың назарына өзгерістерді уақтылы жеткізеді.

8.4. Ұйымдастырушы Жеңімпаздың аты-жөнін өзінің барлық маркетингілік материалдарында, www.tengo.kz сайтында және басқа ақпарат көздерінде пайдалану құқығын өзіне қалдырады.

 

9. Ұйымдастырушының міндеттері

Ұйымдастырушы:

9.1. Ұтысты осы Ережелерде белгіленген тәртіпте өткізуге;

9.2. Ұтыс жеңімпазы деп танылған қатысушыға жүлде беруге міндеттенеді.

 

10. Ұтысқа қорытынды жасау және жүлде алу тәртібі

10.1. Жеңімпазды таңдау Random.org сервисінің — қатысушылардың реттік нөмірлері бойынша кездейсоқ сандар генераторының көмегімен өткізілетін болады. Жеңімпаздарды таңдау осы Ережелердің 2.2 тармағында белгіленген мерзімде Ұтыстың әрбір кезеңі бойынша жүргізіледі.

10.2. Негізгі жеңімпаздар анықталған соң, егер алдыңғы жеңімпаз әлдебір себептерге орай жүлдені ала алмайтын болса, өз еркімен жүлдеден бас тартса немесе қатысушы Ұтыстың алдыңғы кезеңдерінің бірінде жеңімпаз атанған болса, Ұйымдастырушы кезектілік тәртібінде жүлде ала алатын қосымша 3 резервтік жеңімпазды таңдайды.

10.3. Егер Ұтыстың әр кезеңі аяқталған және жеңімпаз жарияланған соң 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушыға байланысты емес себептерге орай жеңімпазбен хабарласу мүмкін болмаса, онда ол осы жүлдені алу құқығынан айрылады. Ұйымдастырушы жүлдені резервтегі жеңімпазға тапсыруға құқылы.

10.4. Егер сервис арқылы жүлде Ұтыстың алдыңғы кезеңдеріндегі жеңімпаз болған қатысушыға келіп түссе, онда жүлде кезектілік тәртібінде резервтегі жеңімпаздарға ұсынылады.

10.5. Ұйымдастырушы www.tengo.kz сайтында қарызды рәсімдеу кезінде көрсетілген телефон арқылы жеңімпаздармен хабарласады.

10.6. Ұтыстың әрбір кезеңінің жеңімпазы туралы ақпарат осы Ережелердің 1.2 тармағында көрсетілген Ұйымдастырушының желілерінде жарияланып отырады.

10.7. Жүлде сомасы www.tengo.kz сайтында көрсетілген Жеңімпаздың банк шотына аударылады.

10.8. Жүлделерді беру кезеңі: қорытынды жасалған және жеңімпаздар жарияланған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

 

11. Ұйымдастырушы жауапты емес:

11.1. Қатысушылардың осы Ережелерде көзделген міндеттері орындамағаны (уақтылы орындамағаны) үшін;

11.2. Қатысушының Ұтыс өткізу ережелерін білмеуінен туындаған жағдайлар үшін;

11.3. Ұтыс өткізу кезінде пайдаланылатын Интернет желісіндегі және (немесе) байланыс арнасындағы техникалық мәселелердің және (немесе) алаяқтықтардың нәтижесіне қатысушылардан хаттар, қоңыраулар, факсимильдік және (немесе) электрондық хабарламалар алмағаны үшін;

11.4. Қатысушылардан ұтыс өткізу немесе жүлдені беру кезінде қажетті толық емес және (немесе) дұрыс емес байланыс және (немесе) басқа мәліметтерді алғаны үшін.

 

12. Басқа шарттар

12.1. Ұтысқа қатысу қатысушының осы Ережелермен танысуын және келісуін автоматты түрде қарастырады.

12.2. Ұтысқа қатысушы атана отырып, тұлға өзі Ұтыс жеңімпазы атанған жағдайда, Ұйымдастырушы аты-жөні, тегі, фотографиясы, тұрғылықты қаласы сияқты жеңімпаз туралы ақпаратты хабарлау арқылы бұл туралы жұртшылыққа жария етуге құқылы, сондай-ақ Ұйымдастырушыны осылай жұртшылыққа жария етуге және осындай қатысушыға әлдебір сыйақы төлемей-ақ ақпаратты ашуға уәкілетті етеді.

12.3. Осы Ережелерде көзделмеген барлық жағдайларда ұйымдастырушы мен қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.