KZ

Қарызды қалай алуға болады

 

Біз қаржылай микроқарызды анықтамасыз, кепілсіз және кепілгерлерсіз кез-келген банктің картасына жібереміз*. Tengo.kz онлайн-қарыз алу айтарлықтай қарапайым:

 

Қарыз сомасын және өтеу мерзімін таңдаңыз.

Қарыз сомасы мен өтеу мерзімін біздің сайттағы калькулятор көмегімен өзіңіз таңдайсыз. Сіз бірден қарызды өтеудің ең соңғы мерзімін, есептелетін сыйақы сомасын және төленетін жалпы соманы көресіз. Қарызға беру мерзімі 5-тен бастап 30 күнге дейін, қарыз берудің ең аз сомасы – 5 000 теңге, ең көп сомасы – 250 000 теңге (алғашқы рет жүгінген клиенттер үшін қарыз берудің ең көп сомасы – 75 000 теңгені құрайды). Егер Сізде Tengo.kz-те профиліңіз және өтелген қарызыңыз болса – барлығы барынша қарапайым болады – осы қадамнан кейін Сізге қарыз беру туралы шешім бірден келеді.

 

Профильді тіркеңіз

Шартпен және басқа құжаттармен мұқият танысыңыз, қанат белгісін қойыңыз. Тіркеуді аяқтау үшін Сіз SMS кодының көмегімен оффертаға қол қоюыңыз қажет. Өзіңіздің қолдағы телефон нөмірін енгізіңіз және «СМС-код алу» батырмасын басыңыз. Сіз көрсеткен ұялы телефоныңыздың нөміріне бірегей коды бар хабарлама келеді. СМС алу уақыты 3 минутқа дейін болуы мүмкін, алайда, әдетте ол одан да тезірек келуі мүмкін. Кейін, терезенің оң жағына СМС-кодын енгізіңіз. Осыдан кейін сіз ЖСН, email жолын толтырып және Tengo.kz-тегі Өз профиліңіздің құпиясөзін ойлап табуыңыз қажет.

 

Сауалнаманы толтырыңыз

Сіздің қарызыңыздың мақұлдануы үшін анық мәліметтерді жіберуіңіз қажет. Қарыз алу үшін міндетті шарт – ҚР кез-келген банкінің әрекет ететін банктік картасының болуы*. Карта Сізге тиесілі болуы қажет және зейнетақы мен жәрдемақылар төлемі үшін тағайындалмаған болуы керек. Онлайн-қарыз беруге өтініш толтыру кезінде сіз IBAN – шоттың нөмірін – енгізесіз.

 

Қарызды беру туралы шешімді күтіңіз.

Өтінімде көрсетілген телефон Өзіңізбен бірге болуы қажет. Оған оператор бірнеше сұрақтар қою үшін хабарласады. Ақырғы шешім sms және email хабарламасы түрінде келеді. Өтінімді қарастырудың жалпы уақыты байланыс орталығы жұмысының көптілігіне байланысты 10 минуттан бастап 1 жұмыс күнін құрайды (Дүйсенбіден бастап Жұма аралығында, 8:00-ден бастап 19:00-ге дейін).

 

Қарыз мақұлданды!

Мақұлданған жағдайда, біз Сізге 10 минуттың ішінде ақша жібереміз. Сіздің банктік шотыңызға соманың түсуі Өз банкіңіздің процестер жылдамдығына байланысты және 1 жұмыс күн уақытын алуы мүмкін. Қарыз беру туралы шарт және шот Сіздің электрондық мекенжайыңызға жіберілетін болады. Tengo.kz-тегі жеке кабинетіңізде сіз әрқашан сома, төлеу күні, қарыздың мерзімін ұзарту мүмкіндіктері және қосымша соманы алу туралы ақпаратты қарауыңызға болады. Қарызды өтеу бойынша нұсқаулықпен мына жерде танысуыңызға болады - https://preprod-cms.tengo.kz/kz/pages/karyzdy-kalay-oteuge-bolady

 

* Біріңғай жағдайлар бар – біз келесі карталар түріне ақшаны жібере алмаймыз:

  • зейнетақылар мен жәрдемақыларды алуға арналған карталар;
  • корпоративтік және бизнес-карталар;
  • банк-эмитентпен бұғатталған карталар;
  • алдын-ала төлеген карталар (prepaid);
  • American Express, UnionPay, Altyn карталары;
  • картаны шығарған банктің тарапынан жасалған өзге де шектеулері бар карталар.