KZ

«Capvia» (Капвиа) ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЫЗ ҰСЫНУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Алматы қ., 2017 жыл

  1.  ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

 

1.1. Осы Қарыз ұсыну мен қызмет көрсетудің Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленген. Ережелер Қарыз беруге байланысты «Capvia» (Капвиа) ЖШС (бұдан әрі – «Қарыз беруші») және Өтінім берушілер/Қарыз алушылар болып табылатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - «Өтінім беруші»/«Қарыз алушы») арасында туындайтын қатынастарды реттеу мақсатында әзірленген. Ережелер Өтінім берушінің қарыз жасау туралы Өтінім/Оферта беру талаптарын, Қарыз берушінің Оферта Акцепті тәртібін, сондай-ақ қарыз Шартының талаптарын тиісті дәрежеде орындалуға арналған ақпаратты белгілейді.

1.2. Ұйымның толық атауы – «Capvia» (Капвиа) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (қысқартылған атауы – «Capvia» (Капвиа) ЖШС). «Capvia» (Капвиа) ЖШС-ның заңды мекенжайы: 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби ауданы, 17/1 үй, «Нұрлы Тау» БО, 5Б блок, 12-ші қабат, 18 кеңсе. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі тіркеу нөмірі: БСН 170340018829, 16.03.2017 ж. «Capvia» (Капвиа) ЖШС-мен байланыс жүзеге асырылатын байланыс телефоны: +7 727 36 46 000. Интернеттің ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайты: www.tengo.kz

1.3. Осы Ережелер танысу үшін барлық тұлғаларға қолжетімді және Интернет желісінде www.tengo.kz ресми сайтында орналастырылады, Ережелер Қарыз беруші мен Қарыз алушының арасында жасалатын қарыз Шартының ажыралмас бөлігі болып табылады.

 

  1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

 

Осы Ережелерде келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

Акцепт – Қарыз берушінің осы Ережелерде көрсетілген мерзімде және тәртіпте қарыз сомасын Қарыз алушыға/Өтінім берушіге аударуынан көрінетін Өтінім берушінің Офертасының талаптарымен келісімі.

Сыйақы – жылдық мөлшерге шаққанда, негізгі қарызға пайыздық мәнде анықталатын, қарызды пайдаланудың әрбір күні үшін Қарыз берушіге төленетін төлем.

Қарыз шарты – шұғылдық, ақылылық және қайтарымдылық талаптары негізінде Шарт жасау туралы Қарыз алушының Офертасының Қарыз берушінің Акцепті арқылы Қарыз беруші мен Қарыз алушының арасында жасалған, осы Ережелерге сәйкес рәсімделген шарт.

Қарыз алушы/Жаңа Қарыз алушы – Қарыз беруге өтінім/Оферта берген немесе Өтінімде жазылған, Қарыз алушы жасаған ұсыныс (Оферта) негізінде қарыз Шарты бірінші рет жасалған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын 19-дан 75 жасқа дейінгі әрекетке қабілетті жеке тұлға.

Тұрақты Қарыз алушы – Өтінімде жазылған, жасалған ұсыныс (оферта) негізінде 1 (бір) және одан көп қарыз Шартын рәсімдеген және шарт бойынша міндеттемелерді Шарттарда көрсетілген күннен кешіктірмей толық орындаған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын 19-дан 75 жасқа дейінгі әрекетке қабілетті жеке тұлға.

Берешек – Негізгі борыш сомасын, қарыз пайдаланғандығы үшін есептелген, бірақ төленбеген Сыйақы сомасын, комиссияларды, айыппұлдарды, тұрақсыздық айыбын, өсімпұлдарды, және Ережелерде және/немесе қарыз Шартында көзделген басқа төлемдерді қоса алғанда, Қарыз алушының Қарыз берушіге төлеуіне жататын ақшалай сомалар.

Қарыз – Қарыз берушінің www.tengo.kz Сайтында пайдаланылатын «қарыз», «микроқарыз» терминдері осы Ережелерде көрсетілген «қарыз» терминіне тең және мағыналық жүктемеден құралған деп саналсын.

Қарыз беруші – Өтінім беруші жолдаған Оферта Акцепті жолымен қарыз Шартын жасаған «Capvia» (Капвиа) ЖШС.

Тіркелген нөмір – Сайтта Тіркеу барысында немесе белгіленген рәсімге сәйкес өтінім деректерінің кейінгі өзгеру барысында Өтінім берушінің/Қарыз алушының көрсеткен және растаған Өтінім берушінің/Қарыз алушының мобильді телефон нөмірі.

Тіркелген пошта жәшігі – Сайтта тіркеу барысында немесе белгіленген рәсімге сәйкес өтінім деректерінің кейінгі өзгеру барысында Өтінім берушінің көрсеткен Қарыз алушының электрондық поштасының мекенжайы.

Өтінім беруші – дҚазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, Қарыз берушінің Сайтында Өтінімді/Офертаны толтыру арқылы қарыз Шартын жасауға ниет білдірген 19-дан 75 жасқа дейінгі әрекетке қабілетті жеке тұлға.

Қарыз алу өтінімі – нысаны Қарыз берушінің ресми сайтында орналастырылған, қарыз Шартын жасау туралы Оферта түрінде Қарыз берушіге Өтінім берушінің ұсынысынан құралған құжат. Өтінім берушіге қарыз ұсыну немесе Қарыз ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдауға қажетті Өтінім беруші туралы ақпаратты жинау мен жүйелеуге арналған нысан.

Лимит – Қарыз алушының алуы мүмкін қарыздың ең жоғары мөлшері. Лимитті Қарыз беруші Қарыз алушыдан алған ақпаратына қарай өз бетінше белгілейді және оны Қарыз беруші кез келген уақытта біржақты тәртіпте барлық Қарыз алушылар үшін, сондай-ақ олардың әрқайсысы үшін жеке-жеке белгілейді. Лимитті белгілеу Қарыз берушіні Өтінім берушімен/ Қарыз алушымен қарыз Шартын жасауға міндеттемейді және қарыз Шартын жасауға Оферта беру кезінде Өтінім берушіні ақпараттандыру үшін жүзеге асырылады.

Жеке кабинет – Өтінім берушінің/Қарыз алушының қарызды ұсыну және қайтарумен байланысты әрекеттерді жасауына және қарыз шарты туралы оның ақпарат алуына арналған Сайттың көпшіліктің қол жеткізуіне жабық тарауы.

Логин – Қарыз алушының тіркелген мобильді нөмірімен сәйкесетін, оған Жеке кабинетке кіруді ұсыну мақсатында, Қарыз алушыны сәйкестендіру үшін пайдаланылатын символдық таңба.

Негізгі борыш – жасалған қарыз Шарты шеңберінде Қарыз алушының Қарыз берушіден алған, Қарыз алушының қайтармаған (өтемеген) ақшалай қаражат сомасын білдіретін Қарыз алушының берешек бөлігі.

Оферта – Өтінімде баяндалған, Өтінім берушінің Қарыз берушіге жолдаған, осы Ережелердің талаптары негізінде қарыз Шартын жасау туралы ұсыныс.

Пароль – Өтінім беруші жасаған немесе Сайтқа тіркелу кезінде Өтінім берушіге ұсынған немесе оның соңынан анықтаған және оған соңынан Жеке кабинетке кіруді ұсыну мақсатында Қарыз алушыны/Өтінім берушіні сәйкестендіру үшін пайдаланылатын құпия символдық таңба.

Дербес деректерді өңдеуге қатысты Саясат – «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V заңына сәйкес Өтінім берушілер мен Қарыз алушылардың дербес деректерін жинау, сақтау және өңдеу тәртібін анықтайтын «Capvia» (Капвиа) ЖШС бекіткен құжат.

Ережелер – осы Қарыздарды ұсыну және қызмет көрсету Ережелері.

Шартты ұзарту – Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту.

Тіркеу – Қарыз берушіге ақпарат ұсыну барысы, соның нәтижесінде Өтінім беруші сәйкестендіріледі және оның профилі жасалады.

Сайтwww.tengo.kz мекенжайы бар Интернет желісіндегі ресми сайт. Сайттың графикалық интерфейсі Қарыз беруді ұйымдастыруға арналған.

Сервис – Өтінім берушіге қарыз Шартын жасауға Офертаны рәсімдеуге, сондай-ақ электрондық нұсқада Қарыз берушімен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін Сайтта орналасқан онлайн-сервис.

СМС-код – Өтінім берушіге СМС-хабарлама (SMS) арқылы берілетін бірегей құпия символдық коды, оны Қарыз берушінің сайтында тіркеудің бірінші нысанын Өтінім беруші толтырған соң Қарыз алушының мобильді нөміріне Қарыз беруші жолдайды.

Сәйкестендіру құралдары – Қарыз алушының Сервисті пайдалану барысында Қарыз алушыны сәйкестендіруге арналған және Қарыз алушының Жеке кабинетке кіруін жүзеге асыруға қажетті Логин мен пароль.

Тараптар – Қарыз беруші және Қарыз алушы/Өтінім беруші бірге осылай аталады.

Шот – Өтінім берушінің атына ашылған банк шоты / Өтінім берушіге тиесілі банк картасының шоты, оған Қарыз беруші Офертаға, қарыз Шартына және осы Ережелерге сәйкес Қарыз сомасын аударады.

Есептік жазба – Өтінім берушіге/Қарыз алушыға қатысты және ол туралы және оның Сайттағы әрекеттері туралы деректерден, сондай-ақ авторлануға арналған сәйкестендіру деректерінен құралған Сайттағы электрондық тізілімнің жазбасы. Кредиттік тарих субъектінің ол туралы кредиттік бюроға ақпарат ұсынуға келісімі/ Кредиттік тарих субъектінің кредиттік есеп алушыға кредиттік есеп беруге келісімі – «Capvia» (Капвиа) ЖШС бекіткен құжаттар, олар арқылы Қарыз алушы/Өтінім беруші ол туралы кредиттік бюроға ақпарат ұсыну және кредиттік есеп беру туралы шарттармен келіседі. Қарыз шартының және/немесе Өтінімнің/Офертаның мәтіні бойынша терминді біржақты түсіндіру мүмкін болмаған кезде, алғашқы кезекте осы Ережелерде анықталған, екінші кезекте Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған терминнің түсіндірілуі қолданылады.

 

  1. ҚАРЫЗ БЕРУШІНІҢ САЙТЫНДА ҰСЫНЫЛАТЫН ҚАРЫЗДАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ.

 

3.1. Қарыз валютасы – Қазақстан Республикасының теңгесі.

3.2. Қарыз беруші қайтарымдылық, шұғылдық және ақылылық принциптеріне орай тұтынушылық Қарыз береді. Қарыздар кепілсіз және кепілгерліксіз ұсынылады.

3.3. Қарыз беруші Қарыз алушыларға нақты ақшасыз ақша қаражаттарын ұсынады:

3.3.1.«Жалақыға дейін қарыз» 10 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін 5 күннен 30 күнтізбелік күнге дейін ұсынылады.

3.4. Өтінім беруші Офертада қайтаруға жататын Сыйақысы есептелген Қарыз сомасын және қарыз берілген мерзімді анықтайды. Бұл ретте Қарыз беруші Өтінім берушінің ұсынған деректеріне орай, сондай-ақ басқа критерийлерді басшылыққа ала отырып, Өтінім берушінің сұратқан мөлшерінде Қарыз беру мүмкіндігін өз бетінше анықтайды.

3.5. Қарыз шарты бойынша борыштың шектік сомасы қарыз сомасының төрт еселік мөлшерінен аспауға тиіс (ерекше жағдай – қабылданған Шарт міндеттемелерін, оның ішінде – сот реттеуін Қарыз алушының әдейі адал орындамау жағдайлары).

 

  1. ӨТІНІМ БЕРУШІГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

4.1. Өтінім беруші Қазақстан Республикасының азаматы болуы және Қазақстан Республикасының ықтиярхатына ие болуы тиіс.

4.2. Офертаны жолдау кезеңінде Өтінім берушінің жасы 19 (он тоғыз) жастан кем болмауы және 75 (жетпіс бес) жастан аспауы тиіс.

4.3. Өтінім беруші құқыққа және әрекетке қабілеттілікке, сондай-ақ Офертаны жолдау және Шарт талаптарын орындау жолымен Шарт жасауға қажетті және жеткілікті барлық құқықтар мен өкілеттіктерге ие болуы тиіс.

4.4. Өтінім беруші Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркелуге немесе ықтиярхатқа ие болуы тиіс.

4.5. Өтінім беруші жеке басын куәландыратын негізгі құжатқа ие болуы тиіс.

4.6. Өтінім беруші қарыз қаражаттарынан құралмаған тұрақты табысқа ие болуы тиіс.

4.7. Өтінім беруші Қазақстан Республикасындағы ұялы байланыс Операторының өз атына тіркелген мобильді телефон нөміріне ие болуы тиіс.

 

  1. ҚАРЫЗ БЕРУШІНІҢ САЙТЫНДАҒЫ ЖЕКЕ КАБИНЕТ АРҚЫЛЫ ҚАРЫЗ АЛУҒА ЖҮГІНУ ТӘРТІБІ

 

5.1. Өтінім беруші Офертаны жөнелту алдынан Сайтта орналасқан дербес деректерді өңдеуге қатысты осы Ережелермен және Саясатпен танысуға міндетті.

5.2. Қарыз алуға ниет білдірген Өтінім беруші Сайтқа тіркелуі, соманы таңдауы және Қарыз берушінің www.tengo.kz сайтында Қарыз ұсыну мерзімін таңдап, «Қарыз алу» батырмасын басуы тиіс.

5.3. Өтінім берушіге оның жеке мобильді нөміріне бірегей СМС-код жөнелтіледі, оны Өтінім беруші Қарыз берушінің сайтына енгізуі тиіс, сол арқылы осы әрекет қарыз Шартына қол қою мен Өтінім берушінің нөмірін растайды.

5.4. СМС-кодты Өтінім беруші тіркелу кезінде ғана Қарыз берушінің Сайтына енгізеді, жеке кабинетке кейінгі кіру кезінде СМС-кодты енгізу қажет емес.

5.5. Тіркелген соң, жеке кабинет арқылы қарыз алғысы келгенде, Өтінім беруші «Қарыз алу» батырмасын басады, осы арқылы өзінің қарыз Шартын жасау ниетін білдіріп, қарыз Шартына қол қоюын растайды.

5.6. Өтінім беруші келесілерге өз келісімін береді:

5.6.1. дербес деректерді қорғау туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, кез келген байланыс құралдарын пайдалана отырып, Сайт арқылы Қарыз берушіге еркін, өз бетінше және өз мүддесінде өз дербес деректерін Қарыз берушіге өңдеуге және табыстауға;

5.6.2. Қарыз алушы қарыз Шарты бойынша өз міндеттемелерін бұзған жағдайда, қарыз Шартын жасау немесе Қарызды беруден бас тарту мақсатында, дербес деректерді пайдалануға, сондай-ақ сот немесе сотқа дейінгі тәртіпте ақша қаражаттарын беруді келесі өндіріп алу үшін;

5.6.3. Қарыз берушінің қарыз Шарты бойынша өз міндеттемелерін Қарыз алушының толық тиісті дәрежеде орындаған кезеңіне дейін барлық алынған дербес деректерді пайдалану құқығы;

5.6.4. кез келген үшінші тұлғалардан оның төлемге қабілеттілігін анықтау мақсатында, Қарыз берушінің Қарыз алушы/Өтінім беруші туралы ақпаратты сұратып алуына;

5.6.5. Өтінім беруші туралы ақпарат алу мақсатында, Қарыз берушінің кредиттік бюроларға мәліметтер беруге.

5.7. Өтінім беруші Өтінім бере отырып, Өтінімде көрсетілген барлық мәліметтер толық, дәлме-дәл және Қарыз алушыға қатысты екенін және осы Ережелердің талаптарына сәйкес екенін растайды, дербес деректерді өңдеу, Қарыз ұсыну мен қызмет көрсету Ережелеріне қатысты Саясатты қабылдайды, сондай-ақ кредиттік есеп беруге өз келісімін береді.

5.8. Егер Өтінім беруші Қарыз берушінің кредиттік саясатына сәйкес келсе, оның таңдаған Қарыз сомасы келісіледі, егер Өтінім беруші Қарыз берушінің кредиттік саясатына сәйкес келмесе, оған қарыздың аз сомасы ұсынылады.

 

  1. ҚАРЫЗ ШАРТЫН ЖАСАУҒА ОФЕРТАНЫ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ.

  

6.1. Қарыз берушінің Өтінімді/Офертаны алуы Қарыз берушіні қарыз Шартын жасауға емес, Өтінімді/Офертаны қарауға міндеттейді. Қарыз беруші Өтінім берушінің Оферта Акцепті кезеңіне дейін осы Ережелерде қарастырылған қызметтерді орындауға және міндеттерді атқаруға міндетті емес.

6.2. Қарыз беруші алған Офертаны Өтінім беруші қайтарып ала алмайды.

6.3. Қарыз алуға Өтінімді қарау мерзімін Қарыз беруші өз бетінше анықтайды. Қарыз алуға өтінімді қарау мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен аспауы тиіс, бұған Өтінім берушінің мәліметтер ұсыну мерзімі кірмейді.

6.4. Қарыз беруші қарыз Шартын жасау шешімін қабылдау үшін Есептік жазбаны жасау кезінде және Офертада Өтінім беруші көрсеткен деректерді тексереді. Өтінім берушінің байланыс деректерінің шынайлығын растау үшін, сондай-ақ қарыз Шартын жасау туралы шешім қабылдау және Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін, Қарыз беруші өз қалауымен оңайлатылған сәйкестендіруді қолданады, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған ақпаратты пайдалана отырып, Өтінім берушіге қатысты тегін, атын, әкесінің атын, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, ЖСН-ді анықтау және осы мәліметтердің дәйектілігін растау бойынша іс-шаралар жиынтығын жүзеге асырады.

6.5. Қарыз беруші Қарыз ұсыну туралы шешім қабылдау үшін, өз қалауымен Өтінім берушінің келесі әрекеттерді жасауын талап етуге құқылы:

6.5.1. электрондық пошта немесе Жеке кабинет арқылы Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын негізгі құжаттың сканерленген көшірмесін немесе сұратылған құжаттың түпнұсқасын Қарыз берушінің бөліміне ұсынуы;

6.5.2. Қарыз берушінің талап етуімен Қарыз алушының/Өтінім берушінің басқа әрекеттер жасауы.

6.6. Қарыз беруші біржақты тәртіпте Өтінім беруші/Қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай Офертаның/қарыз Шартының талаптарын өзгертуге құқылы.

6.7. Қарыз беруші Өтінім беруші жолдаған Оферта, сондай-ақ Өтінім берушінің Өтінімде ұсынған кез келген қосымша ақпараты негізінде Қарыз ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

6.8. Қарыз беруші келесі жағдайларда қарыз Шартын жасаудан бас тартады:

6.8.1. Өтінім беруші осы Ережелерде көрсеткен талаптарға сәйкес келмейді;

6.8.2. Өтінім беруші қажетті құжаттарды ұсынған жоқ;

6.8.3. Өтінім беруші ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейді;

6.8.4. Өтінім беруші туралы деректердің осы Ережелерде анықталған Қарыз ұсыну талаптарына сәйкессіздігі;

6.8.5. Өтінім берушінің дәйексіз ақпарат ұсынуы;

6.8.6. Өтінім берушіде бұрын ұсынылған Қарыз үшін Қарыз берушінің алдында өтелмеген берешегінің болуы;

6.8.7. Қарыз берушінің Өтінім берушінің ықтимал төлемге қабілетсіздігі туралы ақпарат, үшінші тұлғалардың алдында өз міндеттемелерін Өтінім берушінің тиісті дәрежеде орындамауы туралы мәліметтерді алуы.

6.8.8. Өтінім берушінің дербес деректерді беруге және өңдеуге, сондай-ақ осы Ережелердің талаптарына, дербес деректерді өңдеуге қатысты Саясатқа және өз қолтаңбасының аналогын пайдалану туралы Келісім талаптарына қосылуға келіспеуі.

6.9. Қарыз берушінің шарт жасаудан бас тартуы Өтінім берушіге қарыз алуға жаңа Өтінім/Оферта беруіне кедергі келтірмейді.

6.10. Қарыз беруші Өтінім берушіге кез келген қолжетімді тәсілде, оның ішінде электрондық пошта және/немесе мобильді телефондағы СМС-хабарлама және/немесе Сайттағы хабарлама арқылы Қарыз ұсыну туралы немесе Өтінім берушімен қарыз Шартын жасаудан бас тарту туралы шешім қабылданғаны жайлы хабарлайды. Өтінім берушіге бас тарту себебі Өтінім берушінің бас тарту себебі туралы жазбаша сұраныс алған сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылуы мүмкін.

6.11. Қарыз беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, қарыз беруші келесілерді атқара алады, бірақ міндетті емес:

6.11.1. Өтінім берушінің банк шотын иелену және пайдалану өкілеттігін тексеру үшін, шоттан 100 (жүз) теңге шегінде соманы есептен шығара алады немесе шоттан бұғаттай алады, бірақ міндетті емес. Осы соманы Қарыз беруші бір банк күні ішінде (сома есептен шығарылған жағдайда) немесе төлем жүйесімен (сома бұғатталған жағдайда) шотқа қайтарады. Өтінім беруші Сайтта осы үшін қарастырылған өрісте алынған сомаға тең санды енгізуге міндетті.

6.11.2. Өтінім берушінің банк шотын басқару өкілеттігін тексеру үшін, Қарыз беруші Өтінім берушінің банк шотына 100 (жүз) теңге) шегінде соманы жөнелте алады, бірақ міндетті емес. Өтінім беруші Сайтта осы үшін қарастырылған өрісте алынған сомаға тең санды енгізуге міндетті.

6.11.3. Өтінім берушінің банк шотын басқару өкілеттігін тексеру үшін, Өтінім беруші Қарыз берушінің талап етуімен өзінің жеке шотынан Қарыз берушінің банк шотына 10 (он) теңге мөлшерінде немесе Өтінім берушінің қалауымен кез келген басқа сомада ақшалай аударым жасауы тиіс. Қарыз беруші Өтінім берушіге нақты фразаны хабарлайды. Оны төлем тағайындауында көрсету керек (мысалы: «Қарыз шартын жасауды ұсынамын»).

 

  1. ОФЕРТА АКЦЕПТІ ЖӘНЕ ҚАРЫЗ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

 

7.1. Оферта Акцепті Қарыз берушінің Офертаның барлық талаптарымен келісетінін білдіреді, Акцепт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз Шартын жасауына тең.

7.2. Оферта Акцепті жағдайында, Қарыз беруші Өтінім берушіге ақшалай қаражатты Өтінім берушінің Офертада анықталған мөлшерінде, Офертада жазылған тәсілде біржолғы ұсыну түрінде береді.

7.3. Ақша қаражаттарының Қарыз алушының шотына келіп түсу мерзімі қарызды сайтта рәсімдеген кезде, 5 (бес) банк күнінен аспайды.

7.4. Қарыз берушінің банк шотынан қарыз сомасын есептен шығару күні Қарыз алушыға ақшалай қаражаттың ұсынылған кезеңі болып саналады. Бұл кезең Қарыз берушінің Оферта Акцепті болып табылады, осы күннен бастап қарыз Шарты жасалды деп саналады және тараптардың Шарт бойынша қабылдаған өз міндеттемелерін толық орындағанша қолданылады.

7.5. Қарыз алушы мен Қарыз берушінің арасында жасалған қарыз Шарты шеңберінде жүргізілетін барлық төлемдер нақты ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

 

  1. СЫЙАҚЫМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ

 

8.1. Қарызды пайдаланғандығы үшін Қарыз алушы Қарыз берушіге Сыйақы төлеуге міндетті.

8.1.1. Қарыз беруші біржақты тәртіпте азаю жағына қарай қарызды пайдаланғандығы үшін Сыйақы мөлшері туралы талаптарды өзгертуге құқылы.

8.2. Қарызды пайдаланғандығы үшін Сыйақы Қарыз алынған күннен бастап Қарызды қайтару күні аралығындағы Қарыз сомасына есептеледі.

8.3. Қарызды пайдаланғандығы үшін Сыйақы Қарыз сомасын қайтарумен бірге бір мезгілде төленеді.

8.4. Қарызды пайдаланғандығы үшін Сыйақыны есептеу кезінде, жыл ішіндегі күн саны күнтізбелік күннің нақты санына тең деп қабылданады: сәйкес ретте 365 немесе 366, ал күнтізбелік жыл ішіндегі күн саны тиісті айдағы күнтізбелік күндердің нақты санына тең деп қабылданады.

8.5. Несие беруші Қарыздың сомасына, Қарыз алушының несие тарихына және қарыз мерзіміне байланысты Қарыз сомасын қолданғаны үшін Несие сомасын есептейді. Пайыздық мөлшерлеме қарыздың барлық кезеңінде 15,55% -дан 49,37% -ға дейін өзгеруі мүмкін.

8.6. Бұрын Қарыз берушімен бір немесе бірнеше Шарт жасаған және Қарыз сомасын (есептелген Сыйақыны, өсімпұлды, айыппұлды және басқа шығындарды қоса алғанда) толық өтеген Қарыз алушы Қарыз берушінің қалауымен Сыйақы мөлшері осы Ережелерде көзделген Сыйақы  мөлшерінен кем кейінгі қарыз Шарттарын жасауға құқылы.

8.6.1. Қарыз шарты бойынша Сыйақы мөлшерін азайту қатаң дербестендірілген, қарыз Шарты бойынша сыйақы мөлшерін азайтудан себебі түсіндірілмей бас тартылуы мүмкін.

 

  1. ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРУ (ӨТЕУ) ЖӘНЕ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

 

9.1. Қарыз алушы Қарыз сомасын қайтаруға және есептелген Сыйақыны төлеуге міндеттенеді: - «Жалақыға дейінгі қарыз» қарыз түрі бойынша – Офертада белгіленген қарыз мерзімі аяқталған соң.

9.2. Қарыз алушы Қарыз берушіге қарыз Шарты бойынша қалыптасқан Берешекті өтеу үшін Қарыз алушыға ескертпей қарызды және есептелген Сыйақыны қайтару мерзімі жақындаған кезде, Қарыз алушының банк шотынан ақшалай қаражатты шешіп алуға құқық береді. Қарыз шартын жасау жоғарыда айтылған әрекеттерді жасауға Акцепт болып табылады.

9.3. Қарыз сомасын және есептелген Сыйақы мөлшерін қайтару Офертада белгіленген қарызды қайтаратын күні біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.

9.4. Қарыз Шарты бойынша міндеттемені Қарыз алушының орындаудың тегін тәсілін қоса алғанда, Қарыз алушының қарызды қайтару, ол бойынша Сыйақы төлеу тәсілдері келесі түрде жүзеге асырылады:

9.4.1. Қарыз берушінің есеп шотына ақшалай қаражатты нақты ақшасыз аудару арқылы (комиссияның мөлшері банк тарифіне сәйкес анықталады);

9.4.2. Банк картасының көмегімен www.tengo.kz сайтында Қарыз алушының жеке кабинетінде төлеу арқылы (комиссия алынбайды);

9.4.3. QIWI  терминалдарын пайдалану арқылы ақшалай қаражатты төлеу жолымен.

9.4.4.  Касса-24 терминалдарын пайдалану арқылы ақшалай қаражатты төлеу жолымен.

9.5. Қарыз берілген кезде, Қарыз алушыға есептелген пайыздар ескеріле отырып, Қарыз алушыға шот ұсынылады, егер Қарыз алушы Қарызды қайтаруды мерзімінен бұрын жүзеге асырса, ол Қарыз берушінің мекенжайына осы қарыз бойынша сома айырмашылығын қайтару туралы өтініш хат жолдайды.

9.6. Төлемнің кешіктірілуін болдырмау мақсатында, ақша қаражатын Берешек шотына алдын ала аудару ұсынылады. Қарыз алушы үшінші тұлғалардың сервистері арқылы Қарыз берушіге ақша қаражатын аударған кезде, төлемнің кешігу тәуекеліне ұшырайды. Комиссияларды және нақты ақшасыз аударуды жүзеге асырғаны үшін, Қарыз алушыдан ұстап қалынатын басқа төлемдерді төлеу Қарыз алушыға жүктеледі.

9.7. Қарыз берушінің есеп шотына Берешек сомасының аударылуы қарыздың қайтарылу кезеңі болып саналады.

9.8. Қарыз беруші Қарыз алушының ақша қаражатын алған кезде, оларды келесі кезектілікте қарыз Шарты бойынша берешекті өтеуге жұмсайды:

9.8.1. қарыз Шарты бойынша Қарыз алушының міндеттемелерін өтеумен байланысты Қарыз берушінің шығындары;

9.8.2. тұрақсыздық айыбының сомасы, Сыйақы;

9.8.3. Негізгі борыш.

9.9. Қарыз Шарты бойынша борыштың шектік сомасы қарыз сомасының төрт еселік мөлшерінен аспауға тиіс (ерекше жағдай – қабылданған Шарт міндеттемелерін, оның ішінде – сот реттеуін Қарыз алушының әдейі адал орындамау жағдайлары).

9.10. Қарыз Шартының төлемдері бойынша Қарыз алушының міндеттемелері Берешек сомасы толық көлемде Қарыз берушінің шотына келіп түскен жағдайда, орындалды деп саналады.

9.11. Егер Қарыз берушімен қолданыстағы екі қарыз Шарты жасалған Қарыз алушынан ақша қаражаты келіп түссе, онда төлем ақша қаражатын қайтару және есептелген сыйақы күні ертерек белгіленген қарыз Шарт бойынша берешекті өтеу шотына жатқызылады; егер қайтару күні бірдей болса, онда қарыз сомасы ертерек аударылған қарыз Шартын өтеу шотына жатқызылады.

 

  1. ҚАРЫЗ ШАРТЫН ҰЗАРТУ ТӘРТІБІ

 

10.1. Қарыз алушы қарыз Шарты бойынша міндеттемені мерзімінде қайтара алмаған жағдайда, қарызды қайтару мерзімін ұзартуға болады. Бұл үшін келесі тәсілдердің бірін пайдалану қажет:

10.1.1. Қарыз алушыға Қарыз берушінің www.tengo.kz сайтындағы Жеке кабинетке кіріп, «Қарызды ұзарту» деген жазуы бар арнайы батырманы басып, қарызды ұзарту мерзімін таңдап, өзінің дербес деректерін енгізуі және растауы қажет.

10.2. Қарыз алушының қарызды ұзарта алатын мерзімі 7 (жеті), 14 (он төрт), 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды.

10.3. Қарыз шартын ұзарту құнын Қарыз алушы QIWI терминалдарын пайдалану арқылы, Касса-24 терминалдарын пайдалану арқылы Қарыз берушінің www.tengo.kz сайтындағы Жеке кабинеттен біле алады.

10.4. Қарыз алушы қарыз шартын ұзарту тәсілдерін келесі түрде жүзеге асырады:

10.4.1. Банк картасының көмегімен www.tengo.kz сайтында Қарыз алушының жеке кабинетінде төлеу арқылы;

10.4.2. QIWI терминалдарын пайдалану арқылы ақшалай қаражатты төлеу жолымен.

10.4.3 Касса-24 терминалдарын пайдалану арқылы ақшалай қаражатты төлеу жолымен.

 

  1. ҚАРЫЗ ШАРТЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

11.1. Қарыз шарттарының талаптарын бұзғаны үшін, кінәлі тарап жәбірленуші тарапқа Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіпте келтірілген зияндардың орнын толтыруға міндетті.

11.2. Қарыз Шартында көзделген мерзімде Қарыз сомасын және есептелген Сыйақыны уақтылы қайтармағаны үшін, Қарыз беруші Қарыз сомасын және есептелген Сыйақыны қайтару күні ретінде қарыз Шартында белгіленген күннен кейінгі күні кешіктірілген әрбір күн үшін Қарыздың негізгі сомасының 3,0 % (үш) пайызы мөлшерінде сыйақы есептеуге құқылы.

11.2.1. Сыйақы төлеу Қарыз алушыны қарыз Шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

11.2.2. Қарыз алушы Қарыз Шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауды екі аптадан аса кешіктірген жағдайда, Қарыз беруші бұзылған құқықтары мен өз заңды міндеттерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.

11.3. Қарыз беруші өзіне тиесілі барлық ақшалай қаражатты қайтару бойынша өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген барлық қажетті шараларды пайдалануға құқылы. Осы әрекеттермен байланысты барлық шығындарды Қарыз беруші көтереді.

11.4. Егер Қарыз алушы Қарыз төлеуді кешіктіріп алса немесе қарыз Шартында көрсетілген мерзімде қарызды толық өтеуге жеткіліксіз соманы аударса, Қарыз беруші «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-ға Қарыз алушының төлем тәртібі туралы жағымсыз ақпаратты ұсына алады.

11.5. Қарыз беруші өсімпұл өлшемі туралы талапты азаю жағына қарай біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы.

11.6. Қарыз кешіктірілген жағдайда, Қарыз шарты шеңберінде кредитормен жасалған міндеттемелерге байланысты Қарыз алушымен Қарыз берушінің өзара әрекеттесуі мақсатында, келесілер іске асырылады:

11.6.1. 3 күн -25 күн аралығында автоақпараттандырғыштың күнделікті қоңыраулары, жұмыс күндері, демалыс және мерекелік күндері 8.00-ден 21.00 сағат аралығында;

11.6.2. Мерзімін кешіктірудің 31 күні – 91 күні аралығында әр екі күн сайын жұмыс күндері, демалыс және мерекелік күндері 8.00-ден 21.00 сағат аралығында әлеуметтік желілер, Қарыз алушының мекенжайына жазбаша хабарламалар жолдау, мессенджер (WhatsApp, Viber және т.б.), Қарыз берушінің бастамасымен бейнеқоңыраулар және телефон келіссөздері арқылы;

11.6.3. 91 күн мен 750 күн аралығында, жұмыс күндері, демалыс және мерекелік күндері 8.00-ден 21.00 сағат аралығында, Қарыз алушының тұрғылықты жері немесе Қарыз алушының тіркелген орны бойынша, әлеуметтік желілер, Қарыз алушының мекенжайына жазбаша хабарламалар жолдау, мессенджер (WhatsApp, Viber және т.б.), Қарыз берушінің бастамасымен бейнеқоңыраулар және телефон келіссөздер.

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ ҚАҒИДАЛАР.

 

12.1. Ережелердің осы редакциясы 2017 жылғы «4» желтоқсанында күшіне енеді және осы күннен бастап берілетін Өтініштерге/Оферталарға, сондай-ақ осы күннен бастап жасалатын қарыз Шарттарына қолданылады.

12.2. Қарыз беруші осы Ережелер www.tengo.kz Қарыз берушінің  ресми сайтында Ережелердің жаңа редакциясын жариялау арқылы біржақты тәртіпте өзгертуі мүмкін. Ережелердің өзгеруі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389 бабына орай, осындай өзгеріс кезеңінде қолданылатын барлық қарыз Шарттары үшін біржақты деп танылады.

12.3. Тараптар өз қатынастарын өзара келісім және құпиялылық негізінде құрады. Осы Ережелердің мәтінінде шешімін таппаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілетін болады.

12.4. Тараптар Келісімнен немесе онымен байланысты туындайтын, оның ішінде оның орындалуына, бұзылуына, тоқтатылуына немесе жарамсыздығына қатысты Тараптардың арасындағы барлық даулар, келіспеушіліктер немесе тараптардың талаптары Қарыз берушінің мекенжайы бойынша ауданды сотта қаралуға және шешілуге жатады деп келісімге келді. Тараптар аудандық соттың шешімі Тараптардың орындауына міндетті болып табылады деген келісімге келді.

Сотқа талап жолдаған кезде, талап өтініштің жолдануы туралы хабарлама, сондай-ақ сот хабарламалары Офертада көрсетілген Қарыз алушының мекенжайына, Қарыз алушының Офертада көрсетілген телефон нөміріне СМС-хабарламалар және мессенджерлер (WhatsApp, Viber және т.б.) арқылы хабарламалар, Қарыз алушы көрсеткен электрондық мекенжайына хабарламалар жолданады және жеткізілді деп саналады. Қарыз алушы берешек болып қалған жағдайда, жоғарыда көрсетілген барлық мекенжайларды, телефондар мен жеке кабинетті тексеруге міндетті.

12.5. Осы Ережелерде көзделмеген жағдайлардың бәрінде тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

12.6. Борышты уақтылы төлемеген жағдайда, Қарыз алушы Қарыз берушіге борышты талап ету құқығын үшінші тұлғаларға табыстауға келісім береді.